Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» № 355 қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Халықты жұмыспен қамту туралы » Заңының 9-бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы «2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» № 355 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 4277 болып тіркелген, 2016 жылы 23 қаңтарда аудандық «Рауан» - «Заря» газеттерінің 4 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Умутбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы
Р. Умутбаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.