«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №79 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8-тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3- тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 13 наурыздағы №79 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі №3859 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Токсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.