«Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы №472 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабы 8 тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 65 – бабы 3- тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 5 қарашадағы №472 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда №3582 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Токсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.