«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №92 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабы 8- тармағына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №92 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірдегі №3867 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Бесқарағай тынысы» газетінің №39 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Токсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.