«Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне өзгерту енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне өзгерту енгізу туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 25/13 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 7 наурызда № 2606 нөмірімен тіркелген, аудандық «Бірінші сөз» газетінде 2014 жылғы 21 наурызда, аудандық «Первое слово» газетінде 2014 жылғы 28 наурызда жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:

    көрсетілген шешімге кіріспе сөзбасы келесі басылымда баяндалсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8 бабы 3 тармағы 5) тармақшасына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының ХLVІ сессиясының төрағасы

    К. Сақтанов

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы

    Н. Дятлов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.