«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №85 қаулысының күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 – бабы 8 - тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 2016 жылғы 6 сәуірдегі 65- бабы 3 - тармағына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №85 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылғы 10 сәуірде №3866 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Бесқарағай ауданының әкімі
Н. Токсеитов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.