Түпқараған аудандық мәслихатының «Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қазандағы №25/171 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 4 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №10-11-113 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түпқараған аудандық мәслихатының «Түпқараған ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 27 қазандағы № 25/171 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2528 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешім туралы Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесіне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы
А.Досанова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.