Аудан әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 сәуір 2016 ж.

    Аудан әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    Аудан әкімінің м.а

    Ж. Қалмағанбетов

    Аудан әкімдігінің

    2016 жылғы 14 сәуірдегі № 96

    қаулысына қосымша

    Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

    1. 2010 жылғы 1 ақпандағы № 12 «Темір ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарында квота бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-124 болып тіркелген, «Темір» аудандық газетінде 2010 жылы 19 наурызда жарияланған).

    1) Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 18 қарашадағы № 368 «Темір аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 12 «Темір ауданының мүгедектері үшін жұмыс орындарында квота бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3685 болып тіркелген, «Темір» аудандық газетінде 2013 жылы 6 желтоқсанда жарияланған).

    2. 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 «Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-147 болып тіркелген, «Темір» аудандық газетінде 2011 жылы 20 мамырда жарияланған).

    1) 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 240 «Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3420 болып тіркелген, «Темір» аудандық газетінде 2012 жылы 12 қазанда жарияланған).

    2) 2013 жылғы 18 қарашадағы № 369 «Темір ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 63 «Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3684 болып тіркелген, «Темір» аудандық газетінде 2013 жылы 6 желтоқсанда жарияланған).

    3. 2012 жылғы 3 ақпандағы № 33 «Темір ауданының жұмыссыздары үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-162 болып тіркелген, «Темір» аудандық газетінде 2012 жылы 2 наурызда жарияланған).

    4. 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 102 «Темір ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4344 болып тіркелген, «Темір» аудандық газетінде 2015 жылы 19 шілдеде жарияланған).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.