Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 маусым 2016 ж.

    Түлкібас ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түлкібас ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    1) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №525 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2805 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 26 қыркүйекте аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған);

    2) «Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі №525 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түлкібас ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы №39 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3016 нөмірімен тіркелген, 2015 жылы 20 ақпанда аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған).

    2. Осы қаулының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық аймақтық құқықтық ақпарат орталығына және аудандық «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетіне жолдансын.

    Аудан әкімі

    Қ.Абдуалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.