Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Бекасыл» шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Бекасыл» шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабына, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2016 жылғы 4 сәуірдегі №75 ұсынысына сәйкес, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Бекасыл» шаруа қожалығындағы мүйізді ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс шаралары белгіленсін.

    2. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Қызылқоға аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қызылқоға аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мұқыр ауылдық округінің әкімі

    Т. Әбдуалиев

    (ҚАОА _________ ) (ҚАТҚҚБ _________ )

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Атырау облысы Денсаулық сақтау

    басқармасының «Қызылқоға аудандық

    орталық ауруханасы» шаруашылық

    жүргізу құқығындағы коммуналдық

    мемлекеттік кәсіпорнының бас дәрігері С.Тайшыбай

    «27» мамыр 2016 жыл

    «Қазақстан Республикасы Ұлттық

    экономика министрлігі

    Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

    комитетінің Атырау облысы

    тұтынушылардың құқықтарын қорғау

    департаментінің Қызылқоға аудандық

    тұтынушылардың құқықтарын

    қорғау басқармасы» республикалық

    мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Аймұратова

    «27» мамыр 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.