Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V « Құқықтық актілер туралы » Заңының 44 бабының 2 тармағына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Хромтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 161 «Хромтау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3830 тіркелген, 2014 жылдың 3 сәуірінде аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімі;
2) Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 322 ««Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4796 тіркелген, 2016 жылдың 7 сәуірде аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы
А. Бекбауов
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Д. Молдашев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.