Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 – бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Келесі қаулылардың күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы» № 111 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 14 мамырында № 2698 тіркелген, 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 39 «Жетісу», 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 39 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2) Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы «Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 111 «Алматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 213 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 4 маусымында № 3193 тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымдағы № 66 «Жетісу», 2015 жылғы 11 маусымдағы № 66 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. «Aлматы облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
Алматы облысының әкімі
А. Баталов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.