«Сарыағаш ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы №45 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 маусым 2016 ж.

    «Сарыағаш ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы №45 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 3 ақпандағы №45 «Сарыағаш ауданы әкімдігінің Регламентін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3617 тіркелген, «Сарыағаш» газетінде 2016 жылғы 22 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж.Алсеитовке жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б.Парманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.