Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 522 «Алматы облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2016 ж.

    Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы №522 «Алматы облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 25 қарашадағы № 522 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 3639 тіркелген, 2015 жылғы 23 ақпанда «Жетісу» және «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ.Әбдірайымовқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    А. Баталов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.