Сарыағаш ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 8 тармағына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №271 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2688 болып тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2014 жылғы 16 маусымдағы №79-82 (11411) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
2) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №96 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3096 болып тіркелген, «Сарыағаш» газетінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №15 (11460) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Б.Парманов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.