Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 65 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 7 маусым 2016 ж.

    Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 65 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 65 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 11 наурызында № 3750 тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 40 «Жетісу», 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 40 «Огни Алатау» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:

    1) Aлматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;

    2) осы қаулының ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.

    Облыс әкімі

    А. Баталов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.