Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5С24-5 «Егіндікөл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және құқықтық мониторинг жүргізу негізінде Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Егіндікөл аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 31 наурыздағы № 5С24-5 «Егіндікөл аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 29 сәуірде № 4142 болып тіркелген, 2014 жылғы 12-19 мамырда «Егіндікөл» аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы
М. Серикбаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Б. Абилов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.