Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «2016 жылға арналған Успен ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 283/12 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 мамыр 2016 ж.

    Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «2016 жылға арналған Успен ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 283/12 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «2016 жылға арналған Успен ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 283/12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 4909 болып тіркелген, «Аймақ ажары» газетінде 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 4 нөмерінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Б. Демеуов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.