Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 3190 «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №3190 «Қостанай қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5298 болып тіркелген, «Наш Костанай» газетінде 2014 жылғы 27 қаңтарда жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Әкім
Б. Жақыпов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.