Махамбет ауылының Шаттық мөлтек ауданының жаңа көшесіне Айсағали Талпақовтың есімін беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, 37 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Махамбет ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Махамбет ауылының Шаттық мөлтек ауданының жаңа көшесіне Айсағали Талпақовтың есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі
Р.Әженов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.