Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы қаулысына сәйкес Индер ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е.Нұрлыбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
С.Арыстан
Аудан әкімдігінің
2016 жылғы «23» мамырдағы
№ 120 қаулысына қосымша
Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі
|
№
|
Мүлік атауы
|
Шығарылған
жылы
|
Теңгерім ұстаушысы
|
|
1
|
YUTONG 952 A погрузчик-фронтальный, тіркеу нөмері AFD792E
|
2006
|
«Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
|
2
|
Автокөлік Уаз 2206, тіркеу нөмері Е784АХ
|
2000
|
«Индер аудандық білім бөлімінің Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
3
|
Автокөлік Уаз 2206, тіркеу нөмері Е488АW
|
2000
|
«Индер аудандық білім бөлімінің М.Сиранов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
|
|
4
|
Автокөлік Ваз 21214, тіркеу нөмері 348АВ06
|
2007
|
«Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.