Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13/1 «Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 наурыз 2016 ж.

    Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13/1 «Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-1 бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 13/1 «Теміртау қаласының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3169 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 мамырда № 18 «Құрыш қала kz» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.

    Қала әкімі

    Ғ. Әшімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.