Әкімдіктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 168 «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Әкімдіктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 168 «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Әкімдіктің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 168 «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5632 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:

    жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережедегі:

    16-тармақ мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «12-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік - жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру»;

    16-тармақтың 13) және 14) тармақшалары алынып тасталсын.

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    А. Мұхамбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.