Шортанды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының «Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 қазандағы № С-21/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3884 тіркелген, 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық «Вести» газетінде және 2013 жылдың 30 қарашасында аудандық «Өрлеу» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шортанды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
2 тармақта:
6) тармақша алынсын;
9) тармақша жаңа редакцияда баяндалсын:
«9) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Департаменті Шортанды аудандық бөлімшесі;»;
22 тармақ алынсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрайымы
Ғ. Мұқанова
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Д. Отаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімі
«11» 05 2016 ж.
Г. Сәдуақасова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.