Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің аумағында карантин режимін тоқтату туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2015 ж.

    Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округінің аумағында карантин режимін тоқтату туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бап 8 тармағына, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 09 тамыздағы №814 ереженің 19 бап, 262 тармағына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Теректі аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №134 ұсынысы негізінде Шағатай селолық округіне қойылған карантин режимін тоқтату туралы ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Шағатай ауылдық округіне 2015 жылғы 17 ақпандағы қойылған карантин режимі тоқтатылсын.

    2. Шағатай селолық округі әкімінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №3829 Әділет департаментінде тіркелген 2015 жылғы 17 ақпандағы №2 шешімінің күші жойлсын.

    3. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    Р.Мутиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.