«Мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9699 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларында:

    85-тармақтың 1) және 2) тармақшылары мынадай редакцияда жазылсын:

    1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетiнiң атқарылуы туралы айлық есептi – толық көлемде есептiден кейiнгi айдың 12-күнiнен кешiктiрмей АЖ арқылы, онда жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және ерекшелігін, ал есептің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімі бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын, функционалдық кіші топтарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды және ерекшеліктерін қамтуы тиіс, оны кейiннен осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес қалыптасқан ЭҚАБЖ арқылы растай отырып, есептіден кейінгі айдың аяғына дейiн;

    2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есепті - толық көлемде АЖ арқылы есептіден кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей, онда жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептің бюджетке түсетін түсімдерді қамтитын бөлімі бюджет түсімдері сыныптамасының санаттарын, сыныптарын, кіші сыныптарын және ерекшелігін, ал есептің бюджет шығыстарын қамтитын бөлімі бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтарын, функционалдық кіші топтарын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін, бағдарламаларды, кіші бағдарламаларды және ерекшеліктерін қамтуы тиіс, ал осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарына сәйкес қағаз жеткізгіште есептiден кейінгі жылдың 10 наурызына дейін ұсынады.»;

    осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес 21 және 25-қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде онымерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

    3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты алғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін жіберілуін;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    Б. Сұлтанов

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы Министрінің

    2016 жылғы 28 сәуірдегі

    № 209 бұйрығына

    1-қосымша

    Мемлекеттiк мекемелердiң,

    бюджеттiк бағдарламалар

    әкiмшiлерiнiң және

    бюджетті атқару жөніндегі

    уәкілетті органдардың бюджеттiк

    есептiлiктi жасау және

    ұсыну қағидаларына

    21-қосымша 

    Республикалық бюджеттің жобасына енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы айлық (жылдық) есеп

    Бюджет түрі: Республикалық

    Кезеңділігі: айлық, жылдық

    Өлшем бірлігі: мың теңге

    Код
    Ата­уы
    Есеп­ті
    қар­жы жы­лы­на
    ар­нал­ған
    бе­кі­ті­л­ген
    бюд­жет
    Есеп­ті
    қар­жы жы­лы­на
    ар­нал­ған
    нақ­ты­лан­ған
    бюд­жет
    Есеп
    ті
    қар
    жы жы­лы­на
    ар­нал­ған
    тү­зе­ті­л­ген
    бюд­жет
    Есеп­ті ке­зең­ге
    ар­нал­ған
    қар­жы­лан­ды­ру
    дың
    жиын­тық жос­па­ры
    Функ­ци­о­нал
    дық
    топ
    ББӘ
    Бағ­дар­ла­ма
    Кі­ші
    бағ­дар­ла­ма
    Ин­ве­стжо­ба­ның
    ко­ды
    мін­дет­те­ме
    лер
    бой­ын­ша
    тө­лем
    дер
    бой­ын­ша
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    Бар­лы­ғы
    I.
    Рес­пуб­ли­ка­лық
    бюд­жет­тік
    ин­ве­сти­ци­я­лық
    жо­ба­лар - бар­лы­ғы
    II. Заң­ды
    тұ­лға­лар­дың
    жар­ғы­лық
    ка­пи­та­лын­да
    мем­ле­кет­тің
    қа­ты­суы бар
    бюд­жет­тік
    ин­ве­сти­ци­я­лар
    - бар­лы­ғы
    III.
    Ны­са­на­лы да­му
    транс­ферт­те­рі
    - бар­лы­ғы
    IV. Кре­дит­тер
    - бар­лы­ғы
    V.Ұлт­тық қор­дан бө­лін­ген ны­са­на­лы транс­ферт­тер- бар­лы­ғы
    кестенің жалғасы
    Қабылданған
    міндеттеме
    лер
    Төленбеген
    міндеттемелер
    12-баған -
    14-баған
    Бюджеттік
    бағдарламалар
    бойынша
    төленген
    міндеттемелердің
    атқарылуы
    Есепті
    кезеңге
    ауытқуы
    14-баған-
    - 11-баған
    Есепті кезеңге
    бюджеттік
    бағдарламалар
    бойынша
    төленген
    міндеттемелердің
    атқарылуы 14-баған/11-баған * 100
    Бір жылға арналған
    жоспарға
    төленген міндеттемелердің
    атқарылуы
    14-баған/
    9-баған *100
    12
    13
    14
    15
    16
    17

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы Министрінің

    2016 жылғы 28 сәуірдегі

    № 209 бұйрығына

    2-қосымша

    Мемлекеттiк мекемелердiң,

    бюджеттiк бағдарламалар

    әкiмшiлерiнiң және

    бюджетті атқару жөніндегі

    уәкілетті органдардың бюджеттiк

    есептiлiктi жасау және

    ұсыну қағидаларына

    25-қосымша 

    Басым республикалық бюджеттік инвестициялардың атқарылуы туралы есеп

    Бюджет түрі: Республикалық

    Кезеңділігі: айлық, жылдық

    Өлшем бірлігі: мың теңге

    Код
    Ата­уы
    Есеп­ті
    қар­жы
    жы­лы­на
    ар­нал­ған
    бе­кі­тіл
    ген
    бюд­жет
    Есеп­ті
    қар­жы
    жы­лы­на
    ар­нал­ған
    нақ­ты­лан­ған
    бюд­жет
    Есеп
    ті
    қар­жы
    жы­лы­на
    ар­нал­ған
    тү­зе­ті­л­ген
    бюд­жет
    Есеп­ті ке­зең­ге
    ар­нал­ған
    қар­жы­лан­ды­ру­дың
    жиын­тық жос­па­ры
    Функ­ци­о­нал­дық
    топ
    ББӘ
    Бағ­дар­ла­ма
    Кі­ші бағ­дар­ла­ма
    Ин­ве­стжо­ба­ның ко­ды
    мін­дет­те­ме­лер
    бой­ын­ша
    тө­лем­дер
    бой­ын­ша
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    Бар­лы­ғы
    I.Рес­пуб­ли­ка­лық
    бюд­жет­тік
    ин­ве­сти­ци­я­лық
    жо­ба­лар - бар­лы­ғы
    II. Заң­ды
    тұ­лға­лар­дың
    жар­ғы­лық
    ка­пи­та­лын­да
    мем­ле­кет­тің қа­ты­суы бар
    бюд­жет­тік
    ин­ве­сти­ци­я­лар
    - бар­лы­ғы
    III.Ны­са­на­лы да­му
    транс­ферт­те­рі
    - бар­лы­ғы
    IV. Кре­дит­тер
    - бар­лы­ғы
    V.Ұлт­тық қор­дан бө­лін­ген ны­са­на­лы транс­ферт­тер- бар­лы­ғы
    кестенің жалғасы
    Қабылданған
    міндеттемелер
    Төленбеген
    Міндеттемелер 12-баған – 14-баған
    Бюджеттік
    бағдарлама
    бойынша
    төленген
    міндеттемелер
    дің
    атқарылуы
    Есепті кезеңге
    ауытқуы
    14-баған
    - 11-баған
    Есепті кезеңге
    бюджеттік
    бағдарлама
    бойынша төленген
    міндеттемелердің атқарылуы 14-баған/11-баған * 100
    Бір жылға арналған
    жоспарға
    төленген міндеттемелердің
    атқарылуы
    14-баған/
    9-баған *100
    12
    13
    14
    15
    16
    17

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.