Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 336 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ босатылған адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 336 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ босатылған адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4503 болып тіркелген, аудандық «Жұлдыз-Звезда» газетінің 2015 жылы 22 қыркүйегіндегі № 42 санында және 2015 жылы 22 қыркүйекте «Әділет» АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Джалғаспаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі
М. Абдуллин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.