Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қырқүйектегі № 52/05 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберiнде шағын несие беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылғанын тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1034 « Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы » қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қырқүйектегі № 52/05 «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберiнде шағын несие беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2803 болып тіркелген, «Орталық Қазақстан» 2014 жылғы 28 қазандағы № 209 (21843), «Индустриальная Караганда» 2014 жылғы 28 қазандағы № 193 (21714) газеттерінде, 2014 жылғы 03 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Облыс әкімі
Н. Әбдібеков
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.