Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілердің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес және Қарағанды облысы Әділет Департаменті басшысының орынбасары Н.Кенжебаеваның 12.04.2016 жылғы №8-3/1663 хатына орай, аудан әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылған болып танылсын:
1) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы №11/01 «Жаңаарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3012 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 наурызында №14-15 (9648) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
2) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 12/01 «Жаңаарқа ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3047 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 наурыздағы №17-18 (9667-9668) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
3) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы № 14/01 «Жаңаарқа ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3040 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 наурыздағы №16 (9666) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
4) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 20/01 «Жаңаарқа ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3137 болып тіркелген, 2015 жылғы 18 сәуірде №21-22 (9671-9672) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
5) Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 22/01 «Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3148 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде №23 (9673) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қарашада жарияланған) қаулысы;
және Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №04/02 «Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №22/01 «Жаңаарқа ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3670 номерімен тіркелді, 2016 жылғы 5 наурыздағы №11 (9724) «Жаңаарқа» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 ақпанда жарияланған) қаулысы.
2. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Қ.Қожықаев), мемлекеттік-құқықтық бөліміне (Р.Кошмагамбетова) жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылуына байланысты тиісті шаралар жүргізу тапсырылсын.
Аудан әкімі
Ғ. Омаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.