Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылында және «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылында және «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 - бабы 2 - тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 - бабы 7) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 77 ұсынысы негізінде Қарабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Ірі қара малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің Қарабас ауылында және «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары орнатылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

    3. Шешім ресми алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарабас ауылдық округінің әкімі

    О. Болысбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.