Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы «Қоғамдық жұмыстарға тарту үшін сотталған азаматтарға қоғамдық жұмыстар түрлерін анықтау туралы» № 475/11 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 наурыз 2015 ж.

    Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы «Қоғамдық жұмыстарға тарту үшін сотталған азаматтарға қоғамдық жұмыстар түрлерін анықтау туралы» № 475/11 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 37-бабы 8-тармағы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» № 964 қаулысы негізінде, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Железин ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 желтоқсандағы «Қоғамдық жұмыстарға тарту үшін сотталған азаматтарға қоғамдық жұмыстар түрлерін анықтау туралы» № 475/11 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тілімінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 3653 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қаңтарда аудандық «Родные просторы» газетінің № 3 санында жарияланған және 2014 жылғы 18 қаңтарда аудандық «Туған өлке» газетінің № 3 санында жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    К. Абушахманов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.