Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) 1098, 1099 тармақтарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық – санитарлық инспекторының 2016 жылғы 29 наурыздағы № 11-3/87 ұсынысы негізінде Байнассай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәртөк ауданы Байнассай ауылдық округі 13 жылдық Қазақстан ауылы тұрғындарының ірі қара малдары табынының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Байнассай ауылдық округінің әкімі

    С. Кошмагамбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.