«Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы №34 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы №34 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5065 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2015 жылғы 25 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі
Қ. Көшербаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.