Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 7/02 «Абай қаласында жылу энергиясын пайдаланудың нормаларын бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 қазан 2015 ж.

    Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 7/02 «Абай қаласында жылу энергиясын пайдаланудың нормаларын бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қарағанды облысы прокуратурасының 2015 жылғы 13 қазандағы № 2-08070-15-15-134 ұсынысына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 7/02 «Абай қаласында жылу энергиясын пайдаланудың нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 10 мамырдағы № 8-9-107 тіркелген, 2011 жылғы 28 мамырдағы № 21 «Абай-Ақиқат» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізеледі.

    Абай ауданының әкімі м.а.

    М. Мағзин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.