Абай ауданы әкімінің «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қаңтар 2016 ж.

    Абай ауданы әкімінің «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының 2015 жылдың 5 қаңтарындағы №1 хаттамасы негізінде және Абай ауданының аумағында ауа райының тұрақталуына байланысты, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:

    1. Абай ауданы әкімінің 2015 жылдың 28 желтоқсанындағы №8 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 29 желтоқсанында №3585 тіркелген, 2016 жылғы 9 қаңтардағы №1 «Абай Ақиқат» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.

    2. Абай ауданы аумағында ауа райының тұрақталуына байланысты аудандық азаматтық қорғаныс қызметі күнделікті жұмыс тәртібіне ауыстырылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын өзіме қалдырамын.

    Абай ауданының әкімі

    С. Шайдаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.