Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына сәйкес Теміртау қаласының әкімі ШЕШТІ:
1. Теміртау қаласы әкімінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 3 «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3156 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 16 «Құрыш қала kz» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын өзім бақылаймын.
Қала әкімінің міндетін атқарушы
А. Есмұрзаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.