Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 тамыздағы №44-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    ,Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 тамыздағы №44-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңынын 6-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жамбыл ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 тамыздағы №44-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2767 тіркелді, 2015 жылғы 30 қыркүйектегі №108 (5471) аудандық «Шұғыла Радуга» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

    шешімнің тақырыбындағы «коммуналдық» деген сөз «тұрмыстық қатты» сөздерімен ауыстырылсын

    шешімнің бірінші тармағында «коммуналдық» деген сөз «тұрмыстық қатты» сөздерімен ауыстырылсын;

    қосымшасының тақырыбындағы «коммуналдық» деген сөз «тұрмыстық қатты» сөздерімен ауыстырылсын;

    шешімнің қосымшасының бірінші тармағында «коммуналдық» деген сөз «тұрмыстық қатты» сөздерімен ауыстырылсын;

    шешімнің қосымшасының екінші тармағында «коммуналдық» деген сөз «тұрмыстық қатты» сөздерімен ауыстырылсын.

    2.  Осы шешімнің орындалуын бақылау, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы және әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді Жамбыл аудандық мәслихатының аумақтық әлеуметтік–экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Жамбыл аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы:

    Т. Әбдібеков

    Жамбыл аудандық мәслихаты хатшысы:

    Р. Бегалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.