Жангелдин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 мамыр 2016 ж.

    Жангелдин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігінің кейбір қаулылараның күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Кенжегарин

    Әкімдіктің

    2016 жылғы « 6 » мамырдағы

    № 50 қаулысына қосымша

    Жангелдин ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының Тізбесі

    1) Әкімдіктің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 66 «Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 наурыздағы № 5446 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 ақпанда «Біздің Торғай» аудандық газетінде жарияланған );

    2) Әкімдіктің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 95 «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 маусымдағы № 5706 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде «Біздің Торғай» аудандық газетінде жарияланған );

    3) Әкімдіктің 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 140 «Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 қазандағы № 5928 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қазанда «Біздің Торғай» аудандық газетінде жарияланған);

    4) Әкімдіктің 2015 жылғы 11 қыркүйекте № 141 «Жангелдин ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысы (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 қазандағы № 5934 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 қазанда «Біздің Торғай» аудандық газетінде жарияланған);

    5) Әкімдіктің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 175 «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы қаулысы» (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 6116 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Біздің Торғай» аудандық газетінде жарияланған);

    6) Әкімдіктің 2015 жылғы 08 маусымдағы № 95 «Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы қаулысы» (НҚА мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 6152 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 ақпанда «Біздің Торғай» аудандық газетінде жарияланған ).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.