Әкімдіктің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3595 «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесін анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2016 ж.

    Әкімдіктің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3595 «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесін анықтау туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Әкімдіктің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 3595 «Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесін анықтау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6179 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 ақпандағы «Біздің Костанай» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Әкім

    Б. Жақыпов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.