Әкімдіктің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 268 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 268 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5445 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «НАШ КОСТАНАЙ» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Рудный қаласының әкімі
Б. Ғаязов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.