Әкімдіктің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 274 «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 мамыр 2016 ж.

    Әкімдіктің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 274 «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2016 жылғы 18 наурыздағы № 274 Рудный қаласы әкімдігінің қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6239 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 наурызда «Рудненский рабочий» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Рудный қаласының әкімі

    Б. Ғаязов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.