Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Рудный қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы
Ю. Каралаш
Қалалық мәслихаттың хатшысы
В. Лощинин
Мәслихаттың
2016 жылғы 4 мамырдағы
№ 19 шешіміне
қосымша
Рудный қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Мәслихаттың «Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы» 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 188 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-135 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған).
2. Мәслихаттың «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-153 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған).
3. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 22 қазандағы № 363 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-170 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 3 желтоқсанда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған).
4. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2010 жылғы 8 ақпандағы № 287 «Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 393 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-176 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 28 қаңтарда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған).
5. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 188 «Тіркелген бірыңғай салық ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 30 қарашадағы № 539 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-199 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 20 қаңтарда «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған).
6. Мәслихаттың «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы» 2013 жылғы 31 мамырдағы № 149 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4176 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 12 шілдеде «Рудненский рабочий» қалалық газетінде жарияланған).
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.