Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 сәуір 2016 ж.

    Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1- бабына сәйкес және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруге байланысты Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 23 маусымда № 9-3-35 болып тіркелген, 2006 жылғы 07 шілдеде «Арқалық хабары» қалалық апталық газетінде жарияланған);

    2008 жылғы 11 наурыздағы № 52 «Әкімдіктің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 251 «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындағанда жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшін статистика органдары ұсынатын бағаларды түзету туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 04 сәуірде № 9-3-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 сәуірде «Арқалық хабары» қалалық апталық газетінде жарияланған).

    2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Ғ. Бекмұхамедов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.