Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білімберу тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білімберу тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ұсынылып отырған Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің міндетін атқарушы

    Ж.Ахметов

    Жылыой ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «26»сәуірдегі

    №174 қаулысымен бекітілді

    Жылыой ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерінің мемлекеттік тапсырысы

    Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде тәрбиеленушілердің саны
    Мектепке дейінгі мекемелерде жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері айына (теңге)
    Мектепке дейінгі білім мекемелерінде ата-ананың ақы төлеу мөлшері айына (теңге)
    Республикалық
    бюджет есебінен
    Жергілікті бюджет есебінен
    Балабақша
    Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
    Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес)
    Сәби
    Бақша
    Сәби
    Бақша
    1635
    1225
    14 399
    410
    495
    9020
    10890

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.