Аудандық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 сәуір 2016 ж.

    Аудандық коммуналдық мүліктерді жекешелендіру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүліктер жекешелендірілсін.

    2. «Жылыой ауданы экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ж.Дюсупова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының қосымшасында көрсетілген мүліктердің жекешелендірілуін қамтамасыз етсін;

    2) осы қаулыны жүзеге асыру бойынша қажетті шараларды алсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкiмінің міндетін атқарушы

    Ж.Ахметов

    Аудан әкімдігінің

    2016 жылғы «20» сәуірдегі

    №165 қаулысына қосымша

    Жекешелендірілетін аудандық коммуналдық мүліктер

    Мүліктердің атауы
    Мекен-жайы
    Теңгерім ұстаушы
    1
    Шағын орталық ғимараты
    Атырау облысы, Жылыой ауданы, Жем ауылдық округі, Тұрғызба ауылы
    «№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі
    2
    Қызметтік автокөлік Toyota Camry
    Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
    «Жылыой ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    3
    Монша ғимараты
    Атырау облысы, Жылыой ауданы, Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылы
    «Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.