«Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы №170 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 мамыр 2016 ж.

    «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы №170 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабын басшылыққа алып Исатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Исатай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы №170 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3337 тіркелген, 2015 жылғы 19 қарашадағы «Нарын таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Исатай ауданы әкімі аппаратының басшысы Д.Ж.Есмұхановқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

    Аудан әкімі

    Т.Сұлтанбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.