Шешімнің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұқыр ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 03 мамырдағы №22 «Мұқыр ауылдық округіне қарасты «Бекасыл» шаруа қожалығына шектеу іс шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3514 болып тіркелген, 2016 жылы 12 мамырда «Қызылқоға» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мұқыр ауылдық округінің әкімі
Т. Әбдуалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.