Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысын күші жойылған деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2016 ж.

    Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысын күші жойылған деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Шарбақты ауданы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 360/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 4879 болып тіркелді, 2016 жылғы 21 қаңтардағы аудандық № 3 «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Б. Ыбыраев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.