Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысының күші жойылған деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2016 ж.

    Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысының күші жойылған деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2015 жылғы 22 желтоқсандағы «2016 жылға Шарбақты ауданы бойынша нысаналы топтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» № 372/12 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 4890 болып тіркелді, 2016 жылғы 27 қаңтардағы аудандық № 4 «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

    Аудан әкімі

    Б. Ыбыраев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.