Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған қаулысын күші жойылған деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес, Шарбақты ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шарбақты ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған, 2016 жылғы 22 қаңтардағы «2016 жылға қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебіне алынған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және жұмысқа орналасуға мұқтаж интернат мекемелерінің кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындары үлесін белгілеу туралы» № 10/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 12 ақпандағы № 4924 болып тіркелді, 2016 жылғы 25 ақпандағы аудандық № 8 «Маралды» және «Трибуна» газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
Аудан әкімі
Б. Ыбыраев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.